Бүгін Алматы Қалалық жедел шұғыл көмек ауруханасында Санкт-Петербург қаласынан келген медицина ғылымдарының кандидаты, травматолог-ортопед Дмитрий Шулеповтың қатысуымен заманауи артроскопиялық хирургия бойынша шеберлік сабағы өтті.

Бүгін Алматы Қалалық жедел шұғыл көмек ауруханасында Санкт-Петербург қаласынан келген медицина ғылымдарының кандидаты, травматолог-ортопед Дмитрий Шулеповтың қатысуымен заманауи артроскопиялық хирургия бойынша шеберлік сабағы өтті.
Іс-шара аясында күрделі жарақаттық-ортопедиялық дерті бар науқастарға кеңес беріліп, олардың нәтижесі бойынша аурухана мамандарымен бірлесіп емдеу тактикасы нақтыланды.
Кеңес қорытындысы бойынша үш жоғары технологиялық артроскопиялық ота жасалды:
– иық буынындағы Банкарт зақымдануын қалпына келтіру;
– тізе буынындағы менискті артроскопиялық әдіспен тігу;
– иық буынының айналмалы манжетасын қалпына келтіру.
Шеберлік сабағының теориялық және тәжірибелік бөлімдері сала мамандарының өзара тәжірибе алмасуына мүмкіндік беріп, кәсіби біліктілікті арттыруға жол ашты.
Іс-шараны ұйымдастыру мен өткізуге аурухананың №1 травматология және ортопедия бөлімшесі меңгерушісі Медет Жанысов пен №2 травматология және ортопедия бөлімшесі меңгерушісі Сағит Маханов жетекшілік етіп, жұмыстың жоғары деңгейде үйлесімді өтуін қамтамасыз етті.
Артроскопиялық әдістің басты артықшылығы – ота шағын тілік арқылы жасалады. Бұл науқас ағзасына түсетін салмақты азайтып, оңалу мерзімін қысқартып, тезірек сауығуға мүмкіндік береді.
Мұндай шеберлік сабақтары озық медициналық тәсілдерді тәжірибеге енгізуге, дәрігерлердің кәсіби шеберлігін шыңдауға және жоғары технологиялық медициналық көмектің сапасын арттыруға сеп болады.