Қазақстан халқы бірлігі күні құтты болсын!
1 Мамыр – еліміздегі татулық пен келісімді, достық пен өзара сыйластықты дәріптейтін ерекше мереке.
Бұл күн – бір шаңырақ астында өмір сүріп жатқан барша халықтың ынтымағы мен бірлігінің айқын белгісі.
Осынау жарқын мерекеде әр шаңыраққа амандық, зор денсаулық, бақ-береке және мол қуаныш тілейміз!
Елімізде тыныш, жұртымыз аман болсын!
Ізгі ниетпен,
Алматы Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы
