Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды популяризациялау және халыққа жеткізу мақсатында, 26.05.2017 жылы Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасының қабылдау бөлімінде әнші Ғаділбек Жаңай және «Ринго» тобының әншілері кезекті медициналық тексерістен өтті. Тексеру барысында ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеу керектігіне көздерін жеткізген әнші жігіттер, міндетті әлеуметік медициналық сақтандыруды қолдайтындарын және барша қазақстандықтарды медициналық сақтандыруға шақыратындықтарын жеткізді.