Мамырдың 1-і – Қазақстан халқы бірлігі күні құтты болсын!
«Бірлік болмай тірлік болмас» деген атам қазақ. Берекені көздеген ел мерекелі тірлік жасаудан жалықпаған. «Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» қағидасын ұстанған ел үшін бұл мейрамның орны ерек.
Бірлігі күшті ел озады.
Киелі қара шаңырақта өмір сүріп жатқан барша жұрт тату-тәтті, бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүріп, ұлтаралық татулық әрдайым берік болып, бірлік жасай берсін!
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
Баршаңызға зор денсаулық, отбасыңызға амандық, еңбекте табыс тілейміз!
Ізгі ниетпен, Алматы Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы