Халықаралық медбикелер күніне орай өткізілген аймақтық кәсіби байқаудың Алматы қаласы Алмалы ауданы бойынша өткен кезеңінде «2023 жылғы үздік медбике» номинациясында қатысып, жүлделі 3-орынды иеленген Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы қабылдау бөлімінің медбикесі Абенова Бағила Сембекқызын марапатымен құттықтаймыз!
Алмалы ауданынан “Мейіргер – мерейлі мамандық” жарысына 12 мекеме қатысты. Бұл кезеңде сайыс 5 бөлімнен тұрды: өзін-өзі таныстыру, теориялық жағдай, музыкалық сәлемдеме, медициналық сін стилі, түрлі-түсті кеш.
Бағила Абенова әр кезеңде өзін жоғары деңгейде көрсете білді. Ол қашанда аурухананың қоғамдық іс-шараларына белсенді түрде атсалысады, аурухана әкімшілігі атынан көптеген алғыс, құрмет грамоталарына, ауруханаға сіңген еңбегі үшін Құрмет орденіне ие.
Бағила Сембекқызы, бірінші санатты медбике, еңбек өтілі 12 жылдан астам, оның бәрі ҚЖШККА-да өтті:
– Меніңше, медбике мамандығы ең қажет мамандықтың бірі. Қабылдау бөлімшесінің жарақат тану мен екпе егу кабинеттерінен бастап, қабылдау бөлімінің барлық профилінде қызмет атқарып келемін. Науқастарға мейіріммен қарап, олардың көңілін табуға барынша көмекті аямай, жәрдем беру – біздің басты емес пе?! – дейді біздің жеңімпаз.
Жүлделі орын құтты болсын! Біз өз қызметкерлерімізді мақтан тұтамыз!