Бүгін №4 қалалық клиникалық ауруханасында “Қазақстан травматолог-ортопедтері қауымдастығына” 10 жыл толуына орай салтанатты жиын өтті.
Жиын барысында 2022 жылғы Қаңтар оқиғасы кезінде жедел медициналық көмек көрсеткен 13 травматолог-ортопед Қауымдастық төсбелгісімен марапатталды.
Қазақстан травматолог-ортопедтері қауымдастығы (ҚТОҚ) марапаттағандардың ішінде Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасының №1 және №2 Травматология және ортопедия бөлімшелерінің меңгерушілері Медет Жанысов пен Сағит Маханов Қазақстан Республикасында “Травматология және ортопедияның дамуына қосқан үлесі үшін” төсбелгісімен марапатталды.
Әріптестерімізді шын жүректен құттықтаймыз!