Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасының қызметкерлері дәрігерлер болсын, медбикелер болсын, үнемі біліктілігін жетілдіріп отырады.
Осылайша жақында ғана Жоғары медициналық колледждің Оқу-әдістемелік орталығында орта медицина қызметкерлері үшін “Мейіргер ісіндегі тәлімгерлік (менторлық) негіздері” атты семинар-тренинг өтті.
Циклдің жүргізушісі – Пасько Галина Ивановна болды.
Тренингке ауруханамыздың барлық дерлік аға медбикелері қатысып, тәлімгер болуға дайын екенін дәлелдей түсті.