Қазанның 29-ы – Дүниежүзілік ультрадыбыстық диагностика дәрігері күні
Кәсіби мереке дәл диагноз қоюға көмектесетін, дер кезінде терапияны тағайындайтын және жүргізіліп жатқан емді бақылайтын мамандар – ультрадыбыстық диагностика дәрігерлерінің еңбегін елеуге арналған.
ҚЖШККА функционалдық диагностика бөлімшесінің меңгерушісі жоғары санатты ультрадыбыстық диагностика дәрігері, денсаулық сақтау магистрі, Қазақстандық ультрадыбыстық диагностика дәрігерлері қауымдастығының вице-президенті Аденова Гүлжан Молдабекқызының қоластында 21 қызметкер жұмыс істейді, оның ішінде 10 ультрадыбыстық диагностика дәрігері бар.
Ультрадыбыстық диагностика дәрігері – жоғары білікті маман, оның негізгі міндеті пациенттің мүшелері мен жүйелерінің жағдайын дәл бағалау және тексеру нәтижесінде алынған мәліметтерге негізделген қорытынды жасау. Ультрадыбыстық диагностика дәрігерінің қорытындысы диагноз қою үшін емдеуші дәрігерге жіберіледі.
Функционалды диагностика бөлімшесінің диагностикалық әлеуеті асқазан-ішек жолдары, ми, жүрек-қан тамырлары, тыныс алу және несеп-жыныс жүйелерін зерттеудің барлық дерлік спектрін қамтиды. Бөлімшеде жыл сайын 44000-нан астам зерттеу жүргізіледі.
Функционалдық диагностика бөлімшесінің базасында отандық және шетелдік үздік мамандарды тарта отырып, шеберлік сабақ пен тренингтер өткізіледі.
ҚЖШККА функционалдық диагностика бөлімшесінің мол тәжірибесі «Ультрадыбыстық диагностика дәрігерлері қауымдастығының I конгресіне» серіктес болуға мүмкіндік берді.
Бөлімше дәрігерлері LOGIQ S 7 (GE), LOGIQ P9 (GE), LOGIQ E (GE), APLIO 400 (Toshiba), Innosight (Philips) сияқты сараптамалық сыныптағы ультрадыбыстық аппараттарды қолданады.
Функционалды диагностика бөлімі келесі қызметтерді көрсетеді:
• Қалқанша безінің УДЗ
• Плевра қуысының УДЗ
• Сүт бездерінің УДЗ
• Эхокардиография
• Құрсақ қуысы мүшелерінің УДЗ (бауыр, өт қабы, ұйқы безі, көкбауыр)
• Бүйректің УДЗ
• Фоликулометрия
• Жамбас мүшелерінің УДЗ (трансабдоминальды, трансвагинальды)
• 12 аптаға дейін ұрықтың УДЗ
• Ұманың УДЗ
• Қуық асты безінің УДЗ
• Несеп қалдығын анықтау арқылы қуықтың УДЗ
• Беткей лимфа түйіндерінің УДЗ
• Жұмсақ тіндердің УДЗ және т.т.
Құрметті ультрадыбыстық диагностика дәрігерлері, сіздерді кәсіби мерекемен құттықтаймыз! Сізге жаңа жетістіктерге жетуіңізге тілектеспіз. Армандарыңыз орындалсын.
Құрметпен, Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы