Шілденің 6-сы – Дүниежүзілік кардиолог күні.
Бұл күнді 2000 жылы Дүниежүзілік жүрек федерациясы белгіледі.
Кардиолог жүрек-тамыр жүйесі ауруларын зерттеумен, диагностикамен және емдеумен айналысады. Кардиолог мамандардың айтуынша, егер үнемі медициналық тексеруден өтіп, профилактикамен айналысса, жүрек пен қан тамырларының ауыр ауруларының 90% -ының алдын алуға болады екен.
Егер сіз қатты терлеп; дене салмағыңыз тез өсіп; оның үстіне сізде кеуде аймағында ауырсыну; жүрек ырғағының бұзылуы; бас айналу; шаршау; күшті жүрек соғысы орын алса, кардиолог маманға көрінгеніңіз дұрыс.
Кардиологтар жүрек-қан тамырлары ауруларының дамуының бірнеше қауіп факторларын атайды. Олардың негізгілері: темекі шегу, семіздік, эмоционалдық стресс, тұзды, алкогольді шамадан тыс пайдалану, дұрыс тамақтанбау.
Өмірдің өзі жүректің дұрыс жұмыс істеуіне байланысты. Оны емдеу – үлкен жауапкершілік. Сол себепті кардиологтар туралы өз жүрегі нәзік, мейірімді адамдар деуге болады.
Құрметті әріптестер, кәсіби мерекеңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Жүректеріңіз сау болсын!
Ізгі ниетпен, Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы