Мамырдың 12-сінде Алматы қаласы Жоғары медициналық колледжінде Халықаралық медбике күніне орай ұйымдастырлыған «Мейірбике ісі технологиялары: теория және тәжірибе» атты халықаралық аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Конференцияға Қазақстаннан, Ресей Федерациясынан, Беларусь, Литвадан 103 адам қатысты, олардың ішінде медбикелік қызметтің басшылары, практикалық медбикелер, медициналық жоғары оқу орындары мен колледждердің оқытушылары бар.
Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасынан қабылдау бөлімінің аға медбикесі Гүлзира Боранбаева қатысып, «ҚЖШККА қабылдау бөліміндегі триаж жүйесі бойынша науқастарды сұрыптау» тақырыбында баяндама жасады.
Конференцияның мақсаты: денсаулық сақтау және білім беру ұйымдары қызметкерлерінің шығармашылық кәсіби қарым-қатынасы үшін алаң құру. Инновациялық білім беру технологияларын анықтау, кәсіби құзыретті маман сапасын арттыруға бағытталған практикалық сабақтардың рөлін күшейту.
Конференцияға қатысушылар Қазақстандағы мейірбике ісін дамытудың мәселелері мен перспективаларын талқылады. Конференцияның ғылыми-практикалық қорытындысы бойынша рұқсат жобасы дайындалды.