Медбикелер күні қарсаңында, ауруханамыздың орта медперсоналы өз жұмысы туралы баяндайды.
Абылгазинова Асель Кайратовна
Еңбек өтілі – 12 жыл 4 ай
Еңбек жолын 2009 жылы №7 ҚКА-ның урология бөлімшесінде бастаған. ҚЖШККА-да 2015 жылдан бастап істейді. Қазір жедел гинекология бөлімшесінің медбикесі.
– Кішкентай кезімнен медицина саласында жұмыс істегім келетін. Адамға көмектесу мен медбике болу мен ұшін тепе-тең болатын. Медбике болу зор жауапкершілікті талап етеді. Оның үстіне әр адам, әр науқаспен тіл табыса білу керек. Дәрігердің оң қолымыз. Дәрігер болмаған жағдайда, алғашқы көмекті көрсете білу керек. Дәрігер жасаған тағайындауларды орындау, тамырға, бұлшықетке укол, система салу – бұл жұмысымыздың аз бөлігі ғана. Құжаттарды жүргізу де бар.
– Гинекология бөлімшесінің негізгі пациенттері аяғы ауыр келіншектер, түсікпен, жатырдан тыс жүктілікпен, түрлі патологиялармен түсіп жатады. Сонда ана болам деп дайындалып жүріп, болмай қалған әйелдермен бірге қиналып кетесің, жаның ауырады…
– Біздің жұмыста бізге қуаныш сыйлайтын бірден-бір нәрсе – емделіп үйіне шығып жатқан пациенттер. Олардың алғысы. Сондай пациенттер көп болсын!