Сәуірдің 15-і – Халықаралық зертханалық диагностика мамандарының күні
Аталған мамандардың жұмысы көзге көрінбейді, сондықтан пациенттердің көпшілігі мұндай қызметкерлердің жұмысының қаншалықты маңызды екенін түсіне бермейді. Көзбен анықтауға болмайтын нәрсені, адам ағзасындағы химиялық элементтер үрдісін, олардың өзара әрекеттесуін зертхана мамандары ғана анықтай алады.
Клиникалық диагностикалық зертхана жұмысы Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасының маңызды да қажетті бөлімдерінің бірі.
Клиникалық диагностика бөліміне жоғары санатты маман Садықова Клара Ғазизқызы жетекшілік етеді. Мұнда көптеген зерттеулер, соның ішінде сирек кездесетін және бірегей сынақтар да жүргізіледі.
Бүгінгі күні біздің клиникалық диагностикалық зертханада 6 дәрігер-лаборант, 8 фельдшер-лаборант және бір кіші медициналық қызметкер істейді.
Зертхана қызметкерлерінің жұмысы талдау нәтижелерінің дәлдігі мен жоғары сапасына негізделеді. Себебі науқасқа қойылатын диагноз осыған тікелей байланысты.
Құрметті әріптестер, сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Нәтижелердің теңдессіз дәлдігіне жетуді, алға қойылған аналитикалық тапсырмаларды орындауды тілейміз!