ҚЖШККА кәсіподақ ұйымы қызметкерлерге 800 жаңа жылдық сыйлық табыс етті
Биыл тәтті сыйлықтармен қатар, аурухана қызметкерлерінің балалары желтоқсанның 24 және 25 күндері Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрына жақында ғана премьерасы өткен «Көліктер тартысы» қойылымына 230 билет алды. Мұндай іс-шаралар, әрине, жаңа жылдық көңіл-күйді көтеруге және ғажайыпқа сенуге көмектеседі.
Бұл дәрігерлерге күнделікті еңбегі үшін алғыс айтудың тағы бір мүмкіндігі.
Мереке болғанына қарамастан, аурухана қызметкерлері уақытты отбасымен емес, жұмыс орнында өткізеді. Оның үстіне жаңа жылдық мерекелер аурухана қызметкерлері үшін қиын уақыт десе болады.
Аурухана басшылығы жаңа жылда барлық қызметкерлерге, олардың балалары мен жақындарына зор денсаулық, амандық және бар жақсылықты тіледі.