ЖШККА-да бірінші сыныпқа баратын 43 балаға оқу құрал-жабдықтары қамтылған мектеп сөмкелері табысталды

ЖШККА-да бірінші сыныпқа баратын 43 балаға оқу құрал-жабдықтары қамтылған мектеп сөмкелері табысталды

Жаңа оқу жылы басталар алдында, Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасының әкімшілігі мен кәсіподағы дәстүрлі түрде қызметкерлерге мектеп табалдырығын алғаш рет аттап жатқан балаларын мектепке дайындауға көмек көрсетті. Биыл аурухана 17 қыз, 26 ұл балаға мектепке қажетті барлық оқу құрал-жабдықтары, кеңсе тауарлары қамтылған мектеп сөмкелерін дайындап берді.

Мұндай сыйлықтар сөзсіз өте орынды, қазір медицина қызметкерлерінің дүкендерді аралап, балаларын мектепке дайындайтын уақыты да жоқ. Бір жылдан астам уақыт бойы арнайы костюм киген медицина қызметкерлері Covid-19-ға қарсы жанқиярлық күресті талмай жүргізіп келеді.

Негізі неврология бөлімшесі, ал қазіргі кезде №7 инфекциялық бөлімшеде істеп жатқан медбике Тазагүл Оразбаеваның отбасында биыл егіздер Дария мен Жания мектеп табалдырығын аттамақшы. Бір баланың өзін оқу жылына дайындау – үлкен әрі күрделі міндет. Ал 2 баланы бірдей мектепке дайындаудың қандай екенін айтудың қажеті де жоқ шығар…

22 жыл еңбек өтілі бар ЖШККА қабылдау бөлімшесінің мейіргері Калиев Болат 2 қыз, 1 ұлдың әкесі. Биыл мектеп табалдырығын үйдің кенжесі Дінмұхаммед Болатұлы аттамақшы.
– Бірінші сыныпқа бару әр бала үшін маңызды және қызықты тәжірибе. Ал баланы мектепке дайындау зор еңбек. Кеңсе тауарлары жиынтығы бар мектеп сөмкесі ата-аналар үшін балаларын алғашқы қоңырауға, жаңа оқу жылына дайындауды жеңілдетеді, ал мынандай жарқын мектеп сөмкелері бірінші сынып оқушыларының көңілін сөзсіз көтереді. Мұндай көмек үшін аурухана әкімшілігіне, кәсіподақ пен ұйымдастырушыларға алғыс білдіреміз, – деп атап өткен Болат Калиев коронавирустан бәрінің шаршағанын баса айтты, – бұл індетпен тек медицина қызметкерлері ғана емес, бәріміз бірігіп күресуіміз керек. Бетперде тағып, әлеуметтік арақашықтықты сақтап жүріңіз, вакцина салыңыз! Өзіңізге және жақындарыңызға қамқор болыңыз! Тезірек әдеттегі өмірімізге оралайықшы, мұны ең көп аңсайтын да, армандайтын да ең бірінші медицина қызметкерлері!