Аурухана қызметкерлерімен таныстыруды жалғастырамыз
Абирова Бахыткул Енгебаевна
Жоғары санатты медбике
Жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінің бас медбикесі
Еңбек өтілі – 32 жыл
Covid-19 пандемиясына қарсы күресте қосқан үлесі үшін мемлекеттік награда «Халық алғысы» медалімен және
Науқастарға медициналық көмек көрсетудегі рақым, жақсылық және кәсіпқойлық үшін «Мейірім» медалімен марапатталған
– Мектепте оқып жүргенде, заңгер не дәрігер боламын дейтінмін, – дейді Бақыткүл Еңгебайқызы. – Тағдырдың қалауымен, мектептен кейін мен медициналық училищеге түстім. Дипломымды алғаннан кейін мені балалар инфекциялық ауруханасына, неонаталдық бөлімшеге жіберді. Мұнда 2 жыл жұмыс істегеннен кейін А.Н.Сызғанов атындағы ҰБХ жансақтау бөлімшесінде істедім.
– Жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасында 1999 жылдың наурызынан бастап жұмыс істеймін. 2005 жылы аға медбике болдым. Аурухананы жөндеу кезінде кардиохирургия бөлімі ашылғалы жатқан ГКТ-да жұмыс істедім. Біздің аурухана жөндеуден кейін ашылған кезде, қайтып келіп, жан сақтау бөлімшесін нөлден құрдық.
– Былтыр пандемия басталған кезде мен модульді ауруханаға өтіп, онда жансақтау бөлімін аштым. Студенттермен жұмыс істедім, бізге күзетшілер, тәртіп сақшылары жұмысқа келді. Бір ай бойы оларды қайта оқытып, бәрін көрсеттім. Олар әлі күнге санитар, мейіргер болып жұмыс істейді. Ал мен өз ауруханама оралдым.
– Менің бөлімшем менің екінші үйім сияқты, мен өз жұмысымды өте жақсы көремін және өзімді қарқынды терапиясыз елестете алмаймын. Өз командамды да жақсы көремін. Қазіргі уақытта бөлімшеде 54 орта және кіші медицина қызметкері жұмыс істейді. Біз үлкен отбасы сияқтымыз.
– Мен жас мамандарға өз міндеттерін орындауға жауапкершілікпен қарау үшін үнемі білім алып, білімдерін жетілдіріп отыру керек деп айтудан жалықпаймын. Өзім де қазір Омбы мемлекеттік медицина университетінің 3-курсында академиялық бакалавр мамандығында оқимын, жаңа нәрселерді үйреніп, біліктілігімді жоғарылатуды әлі де жалғастырып келемін.
Бір жылдан астам уақыт біз коронавируспен күресіп келеміз. Мен COVID-19 таралуын болдырмау жөніндегі шараларды сақтаудың маңыздылығын тағы бір атап өткім келеді:
• Қолдың гигиенасын сақтаңыз.
• Маска киіңіз.
• Егер сіз өзіңізді нашар сезінсеңіз, үйде болыңыз