Қазанның 29-ы – Дүниежүзілік ультрадыбыстық диагностика дәрігері күні

Қазанның 29-ы – Дүниежүзілік ультрадыбыстық диагностика дәрігері күні

Кәсіби мерекені бүгін дәл диагноз қоюға көмектесетін, дер кезінде терапияны тағайындайтын және жүргізіліп жатқан емді бақылайтын мамандар – ультрадыбыстық диагностика дәрігерлері атап өтеді.

Ультрадыбыстық диагностика – ең қауіпсіз және қолжетімді әдістің бірі болып табылады.

Ультрадыбыстық диагностика дәрігері – жоғары білікті маман, оның негізгі міндеті пациенттің әр түрлі мүшелері мен жүйелерінің жағдайын дәл бағалау және тексеру нәтижесінде алынған мәліметтерге негізделген қорытынды жасау. Ультрадыбыстық диагностика дәрігерінің қорытындысы диагноз қою үшін емдеуші дәрігерге жіберіледі.

Құрметті ультрадыбыстық диагностика дәрігерлері, сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймыз! Сізге күнделікті кәсіби табыс, жаңа жетістіктер мен тілектердің орындалуын тілейміз! Сіздің тәжірибеңіз бен біліміңіз пациенттердің денсаулығын қорғауға мүмкіндік бере берсін!

Құрметпен, Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы