Қазанның 29-ы Дүниежүзілік инсультке қарсы күрес күні.
2014 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы инсультті «ғаламдық індет» деп жариялаған.
Инсульт өлім мен мүгедектіктің негізгі себептерінің бірі екені, қоғамның медициналық және әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштеріне айтарлықтай жағымсыз әсер ететіні белгілі.
Біздің аурухана тәулік бойы 100% диагностикалық, консервативті және хирургиялық жоғары білікті медициналық көмек көрсету үшін толық жабдықталған. Клиникада ерте нейро-оңалту жоғары деңгейде жүргізіледі.
ЖШККА нейроинсульт орталығында невропатологтардан бөлек, реанимация маманы, реабилитолог, кардиолог, психиатр, нейрохирург, физиотерапия нұсқаушысы жұмыс істейді.
Инсульттің алдын-алу шаралары:
– Темекі шегуден бас тарту;
– Физикалық белсенділікті көбейту;
– Алкогольді асыра пайдаланудан аулақ болу;
– Дұрыс тамақтану, диета;
– Артық салмақтан арылу;
– Оральды контрацептивтерді қолданудан бас тарту;
– Қант диабетін емдеу;
– Артериялық гипертензияны емдеу;
– Жүрек ауруларын емдеу;
– Асимптоматикалық ұйқы стенозын емдеу.
Инсульт кезіндегі алғашқы көмек
Зардап шеккен адамды таза ауа кіретіндей бөлмедегі төсекке жатқызыңыз, дем алу үшін тынысын тарылтатын киімдерін шешіңіз. Егер науқас құсқан болса, аузындағы құсықты тазалаңыз. Алғашқы көмектің дұрыс көрсетілуі өте маңызды, себебі инсульттің жүруі мен салдары дәл соған байланысты болады. Науқасты тасымалдау тек жатқызған күйінде жасалады.
Инсульттен кейінгі ауруды емдеу
Инсультті емдеу инсульттің қайталанбауының алдын алуға, сонымен қатар ми қанайналымын қалпына келтіруге бағытталған және кешенді емдеуден тұрады: тамырлық терапия – бас миының зат алмасуын жақсартатын дәрілерді қабылдау, оттегі терапиясы және міндетті реабилитация (емдік дене шынықтыру, массаж және физио).
Геморрагиялық бұзылу кезінде мишық немесе мидың жоғары жартышарындағы қан құйылу оқиғасы хирургиялық емге жатады.
Инсульт профилактикасы
Инсульттің алғашқы және екінші реттік профилактикасы бар. Алғашқы профилактика мидағы қанайналымына жауап беретін тамырлар патологиясын, гипертония ауруын, артық дене салмағын жоюға бағытталған. Екінші реттік профилактика инсульттің қайталануына жол бермеуге бағытталған, оған түйіндерді жоюға және алдын алуға бағытталған дәрі-дәрмектің немесе хирургиялық араласудың көмегімен қол жеткізуге болады. Инсультті емдегенге қарағанда оның алдын алған тиімді болатынын есте сақтаңыз. Жүрек-қан тамыры жүйесінің жұмысына тұрақты түрде диагностика жасатып тұрыңыз.