Бүгін Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасында есеп беру жиыны өтті.
Жиын барысында аурухананың өткен 2022 жылғы қызметінің қорытындысы шығарылды.
Тыңдаушылар алдында аурухана бас дәрігері Алмаз Джувашев баяндама жасады.
Баяндамада аурухананың негізгі медициналық-экономикалық көрсеткіштері, хирургиялық және терапевтік профильдердің сапа көрсеткіштері айтылды. Сонымен қатар, аурухана бөлімшелерінің жетістіктері де атап өтілді.
Жылдық есепті Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Имангалиева Назгул Мелисовна онлайн режимде қабылдады.