Медбикелер күні қарсаңында, ауруханамыздың нейроинсульт бөлімшесінің медбикесі өз жұмысы туралы баяндайды.

Медбикелер күні қарсаңында, ауруханамыздың нейроинсульт бөлімшесінің медбикесі өз жұмысы туралы баяндайды.
Серикбаева Айгуль Нурсултановна
2012 жылдан ҚЖШККА нейроинсульт орталығында қарқынды терапия палатасында медбике болып істейді.
– Біздің нейроинсульт бөлімшесіне өте ауыр науқастар түседі, аяқ-қолы істемей, кейбіреулері сөйлей алмай, өздігімен тамақ іше алмайды. Оларға ерекше күтім керек. Мұндай науқастар көңілі түсіп, өмірден түңіліп, өздерін ешкімге керексіз сезінгенде, оларға өз жақын-туысындай қарап, қолдап, көңілдерін көтеріп, түсінуге тырысамыз.
Дәрігердің жазып берген нұсқауын орындаймыз, төсекте көп жатқан кезде науқастың терісі ойылып қалмас үшін профилактика жүргіземіз.
Бізде жатқан науқастар туралы о дүниеге бір барып қайтқандар деуге болады. Оны түсінгеннен кейін олар алғысын білдіріп жатады.
Емделушілердің берген ақ батасының арқасында біз шаршамай, талмай жұмыс істейміз.
Келе жатқан мереке құтты болсын, әріптестер!
Жұмысыңызда табыс тілеймін. Сауығып кеткен пациенттер ғана болсын! Ең бастысы зор денсаулық, амандық тілеймін!