Ота жасау бөлімі – клиникааралық құрылымдық бөлімше, оның негізгі қызметі шұғыл және жоспарлы ота жүргізуге қажетті жағдай жасау.
Бөлім барлық хирургиялық бөлімшенің талап ететін хирургиялық араласулар спектрін толық көлемде орындауды қамтамасыз етеді.
Ота жасау бөлімі 3 ота жасау залынан тұрады, олар заманауи жабдықпен және бір реттік шығын материалмен жабдықталған. Әр зал өзіне тән түстермен ерекшеленеді: 2-зал – көгілдір (көгілдір ақық түсті), 3-зал – қызғылт сары, 4-зал – көк.
Бөлімді бірінші санатты хирург Есенбеков Нурхат Бахытович басқарады. Бөлімде 31 қызметкер жұмыс істейді, соның ішінде: 23 медбике, 8 кіші мейіргер.
Ота жасау бөлімінде жоғары білікті оталық медбикелер жұмыс істейді, олар үнемі өз кәсіби біліктілігін арттырып отырады.
Бөлім базасында Қазақстанның аймақтарынан, шетелден келген дәрігерлерге арналған әр түрлі шеберлік сыныптар мен біліктілікті арттыру курстары өткізіледі.
Ота жасау бөлімі заманауи жабдық, құрал-сайман, бір реттік төсек-орын жабдығы, тігіс материалы және басқа да шығын материалдары, сондай-ақ, ең жаңа эндобейнехирургиялық және наркоздық-тыныс алу аппараттарымен толық қамтамасыз етілген. Бірқатар манипуляция ультрадыбыстық немесе рентгентелевизиялық бақылау арқылы орындалады. Бұл оталық қате мен отадан кейінгі асқынуды минималды деңгейге түсіруге мүмкіндік береді.