Аурухана туралы

Біздің миссия
Біздің жетістіктер
Кері байланыс

Алматы қаласы Жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы (ЖШККА) 1896 жылы Жетісу уезінің Верный қаласында Қызыл крест қоғамының ауруханасы ретінде құрылған.

about

2016 жылы аурухананың 120-жылдық мерейтойы атап өтілді.

ЖШККА заманға сай ғимараты 2011 жылғы 11 ақпанда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастауымен ашылды.

Қазіргі кезде көпбейінді ЖШККА Алматы қаласы мен республика тұрғындарына жоғары білікті шұғыл және жоспарлы медициналық көмек көрсетеді.

sobolevskij-ieoronim-ivanovich-krasnyj-krest

 

Ауруханада стационарлық 355 төсек-орын қарастырылып, ондағы 50 төсек-орын – ақылы қызмет көрсету мақсатында, 15 төсек-орын – күндізгі стационар бөлімшелеріне қарасты. Заманауи құралдармен жабдықталған реанимация бөлімшесі бір уақытта 12 пациентті қабылдауға есептелген

Операциялық блок операциялық үстел аумағына ағын ауаны бір бағытта ламинарлы түрде тарату арқылы желдету жүйесімен жабдықталған.

Асқынудың дамуын пассивті түрде болдырмау үшін Операциялық үстелдер бактерияға қарсы сертификатталған күміс ионмен төселген.

arxiv-2image-5

Шұғыл араласудың негізгі бөлігі хирургияда, гинекологияда, урологияда заманауи кіші инвазивті эндоскопиялық технологияларын қолданумен жүргізіледі.

ЖШККА-да қала бойынша жалғыз токсикология бөлімшесі қарастырылған, осы бөлімшенің дәрігерлері тәулік бойы түрлі токсикологиялық және химиялық уланған емделушілерге жоғары білікті көмек көрсетеді.

Аурухана медициналық қызметкерлері – іс-тәжірибесі мол,  білікті мамандар және Қазақстандағы танымал, беделді жоғары медициналық оқу орындарынан келетін профессорлар мен доценттер.

arxiv-3arxiv-4

1896 жылы негізі қаланған аурухананың атауының да тарихы бар. Жетісу уезі Верный қаласында 15 төсек-орындық Қызыл крест қоғамының ауруханасын ашуды, мұрағаттық деректерге сәйкес, губернатор бұйырған. Алғашқы бас дәрігер лауазымын Санкт-Петербургтің Әскери-медициналық академиясының түлегі Соболевкий Иероним Иванович иеленген.
Ол кезде аурухана жалғыз медициналық мекеме болатын. Уақыт өте келе Жетісу облыстық денсаулық сақтау ісінің Алматы уездік-қалалық ауруханасы (1922-1924 ж.ж.), Жетісу губерниялық денсаулық сақтау бөлімінің Алматы қалалық ауруханасы (1924-1927 ж.ж.), Алматы қалалық денсаулық сақтау бөлімінің ауруханасы (1927-1947 ж.ж.), Алматы қалалық денсаулық сақтау бөлімінің №1 қалалық біріккен клиникалық ауруханасы (1947-1975 ж.ж.). 1975 жылы Қалалық клиникалық жедел медициналық көмек көрсету ауруханасы болды.

2006 жылы ЖШККА жаңа тарихы басталды. Ескі ғимаратты көшіріп, оның орнына әлемнің барлық стандартына сәйкес келетін, жаңа құрал-жабдықпен жабдықталған және жоғары класты мамандардан жинақталған жаңа клиника салынды.
2011 жылы ЖШККА жаңа ғимаратының ашылу рәсімін Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өзі бастады.

oper1

ЖШККА Алматы қаласы мен Қазақстанның барша тұрғындарына жоғары білікті шұғыл және жоспарлы медициналық көмек көрсетуге бағытталған.
Стационар 355 төсек-орынға қарастырылған. Көбінесе, шұғыл түрде араласу үрдісі ең заманауи шағын инвазивті эндоскопиялық технологияны қолдану арқылы хирургия, гинекология, урологияда жүргізіледі.

dsc_0574

Ауруханада С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университеті, Қазақстан-Ресей медициналық университеті секілді жоғары оқу орныдарының 15 кафедрасы жұмыс істейді.  2012 жылы қан айналымы жүйесімен байланысты аурушаңдық кезінде өлімге әкелу және мүгедек болып қалу деңгейін төмендету мақсатында 30 төсек-орны бар инсульт орталығы ашылды.
2014 жылы ауруханада Қазақстан-Ресей медициналық университетінің неврология және психиатрия кафедрасымен бірлесе отырып «Инсульт мектебі» ашылды, ол жерде аурудан айыққан соң емделу және өзін күту бойынша науқас және оның жақындарына арнайы сабақтар жүргізіледі.

Аурухана ұлттық аккредитациядан өткен, 2011-2012 жылдардың қорытындысы бойынша әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер бойынша үздік мекеме болып атанды, «Актив және міндеттемелер көрсеткіші» номинациясында Алматы қаласында 1-орынға және Қазақстан Республикасында 4-орынға ие болды.

dsc_0152

Сондай-ақ, Еуропалық бизнес академия 2014 жылы ауруханаға «S.I.Q.S» (Zurich, Switherland) Швейцария сапа стандарты институтының халықаралық сертификатын ұсынғанын айта кеткен жөн.

2015 жылғы қарашада ЖШККА «Медицина абыройы» марапатына лайық болды, дәрігерлер грамоталармен және «Жыл маманы», «Жылдың үздік басшысы» номинациясы бойынша төсбелгімен марапатталды.

dsc_0170

ЖШККА 2016 жылы «Сала көшбасшысы» халықаралық сертификатын иеленген.

Қазіргі уақытта ауруханада 900-ден астам қызметкер жұмыс істейді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Біздің миссиясы
Біздің жетістіктер
Кері байланыс