Аурухана дәрігерлерімен таныс болыңыз
Искаков Сабит Куандыкович
Жоғары санатты дәрігер эндоскопист
Медицина магистрі
Жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы эндоскопия бөлімшесінің дәрігері
Сабит Искаков еңбек жолын кеуде хирургі ретінде бастаған. 2011 жылы жалпы хирургия (эндоскопия) мамандығы бойынша қайта даярлаудан өтті. Жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасына дейін ол әр уақытта Қалалық туберкулезге қарсы орталықта, №4 Қалалық клиникалық ауруханада, Орталық қалалық клиникалық ауруханада эндоскопист болып жұмыс істеген. 2014 жылы эндоскопиялық хирургия бойынша біліктілігін арттырды.
2016 жылдың қазан айынан бастап Жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасында жұмыс істейді.
Жалпы жұмыс өтілі – 11 жыл.
– Медицинада жұмыс істеу, ақ халатты киіп, адамдарды емдеу менің бала кезімнен арманым. Менің ата-анам мұғалім, ал мен медицинаны таңдадым, – дейді Сабит Куандыкович, – Бізге күніне 10-15 науқас келеді, ал жылына олардың саны 2000-2500-ге жетеді. Біз эндоскопиялық көмектің келесі түрлерін ұсынамыз: РХПГ, ЭПСТ, легирлеу, эндоскопиялық гемостаз.
Эндоскопияның диагностикалық және терапиялық әдістері көптеген аурулар кезінде ең қажетті зерттеулердің бірі болып табылады. Олар асқазан-ішек жолдары, тыныс алу, кеуде және құрсақ қуысы мүшелерінің (өңеш, асқазан, жіңішке және тоқ ішектер, өт жолдары, мұрын, жұтқыншақ, кеңірдек, трахея, бронхтар) және тыныс алу жүйесінің патологиясында қолданылады.