Профиль: Урология
05.05.2017 жылы С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ “Урология” кафедрасының ассистенті Кутбергенов Б.О. мен бірге біз бұрын ҚШККА-да операция түрінде немесе консервативті түрде ем алған тыл еңбеккерлерін, зейнеткерлерді, мүгедектердің үйлерін араладық.
Мақсатымыз операциядан кейінгі жағдайларын анықтау болды.
Алматы қ. Алмалы ауданы бойынша 70-тен асқан азаматтар саны-20840. Олардың ішінде
-ҰОС ардагерлері-74,
-тыл еңбеккерлері-340,
-зейнеткерлер-20413.
ҚШККА-да өткен жылда 480-нен астам жасы 70-тен асқан азаматтар ем алды.
Барлығы тұрғылықты орны бойынша емханаларында Д есепте тұрады. Операциядан кейінгі консервативті ем қабылдайды. Тұрақты түрде медициналық тексеруден өтеді, жағдайларының ауырлауы байқалмаған. Егер ауруханаға жатқызу көрсеткіші анықталса, портал бойынша стационарлық ем қабылдауға жіберіледі.