Дүниежүзілік травматологтар күні
Мамырдың 20-сы травматолог-ортопедтердің кәсіби мерекесі. Мерекені дәрігерлер әдетте жұмыста атап өтеді.
Травматологияны адамның денесі туралы ең байырғы білім салаларына жатқызуға болады. Бұл термин грек тілінде «жарақат» дегенді білдіреді. Буынның шығуы мен сынық туралы алғашқы деректер және оларды емдеу Гиппократтың еңбегінде жазылған.
Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасында екі травматология бөлімшесі жұмыс істейді. Егер бірінші бөлімше басынан бастап дерлік құрылған болса, екіншісі 2017 жылы ашылды. Ауруханада травматологиялық және ортопедиялық оталардың барлық түрі жасалады. Орта есеппен алғанда, жылына 1800-2000 ота (оның ішінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру және кепілдендірілген медициналық көмек шеңберінде) жасалады. Барлығы ЖШККА-да 20 жоғары білікті травматолог-ортопед жұмыс істейді.
№1 травматология-ортопедия бөлімшесінің меңгерушісі – Семенов Владимир Геральдович
№2 травматология-ортопедия бөлімшесінің меңгерушісі – Маханов Сағит Әбдіжалиұлы
Біз әріптестерімізді кәсіби мерекемен шын жүректен құттықтаймыз! Атаулы күні, травматолог дәрігерлерге қажырлы еңбегі үшін алғыс білдіріп, қолыңыз дерт көрмесін, тек сәттілік серік болсын деп тілейміз!
Құрметпен, Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы