Жыл сайын қазанның 15-інде Бүкіләлемдік қол жуу күні атап өтіледі

Жыл сайын қазанның 15-інде Бүкіләлемдік қол жуу күні атап өтіледі

Алғаш рет мерекені БҰҰ Бас Ассамблеясы жариялаған Тазалық жылы – 2008 жылы атап өтті.
Мерекені атап өту кезінде бүкіл әлем бойынша қолды қалай және не үшін жуу керек екенін түсіндіретін жеңіл ойын түріндегі қызықты әрі танымдық іс-шаралар өткізіледі. Гигиенаны сақтамау дизентерия, А типті гепатит, ротавирустық инфекцияларды жұқтыруға әкеледі. Ал бүкіл әлемді пандемия жайлағанда, қолды дұрыс жуудың маңызы сөзсіз зор.

Күнделікті өмірде кез келген затты ұстағаннан кейін, қолды жумау өмірге қауіп төндіруі мүмкін. Бүкіл жұқпаның шамамен 80%-ы қол арқылы беріледі, ал қолды сабынмен мұқият жуу сияқты қарапайым шара ауырып қалу қаупін күрт түсіреді.

Қолды қай кезде жуу керек?
•Тамақтану алдында
•Тамақ дайындау алдында
•Шикі етті немесе балықты ұстағаннан кейін
•Дәретханадан кейін
•Даладан кіргеннен кейін
•Түшкіргеннен кейін
•Жануарларды ұстағаннан кейін
•Жұқпаларды таратушылармен қарым-қатынастан кейін
•Үй жинағаннан кейін
•Жараны таңғанға дейін және кейін
•Қоқыс шығарғаннан кейін

Қолды қалай дұрыс жуу керек?

•Шүмекті ашыңыз және суды жайлы температураға келтіріңіз.
•Қолыңызды қатты немесе сұйық сабынмен сабындаңыз.
•Егер қолыңызды қоғамдық жерде жусаңыз, шүмектің тұтқасын сабындаңыз. Әйтпесе, Сіз қайтадан кір шүмекті ұстайсыз да, бактериялардың көп бөлігі қолыңызға қайта келеді. Шүмектің тұтқасындағы сабынды жуып тастаңыз.
•Қою көбік шығатындай қолыңызды тағы бір рет сабындаңыз.
•Саусақтардың арасына, алақандарыңыздың ішкі және сыртқы жақтарына, сондай-ақ тырнақ астындағы теріге көңіл бөліп, қолыңызды кем дегенде 30 секунд жуыңыз.
•Сабынды жуып кетіріңіз
•Шүмекті жабыңыз
•Таза орамалмен қолыңызды құрғата сүртіңіз.

#ЖШККА #дүниежүзілікқолжуукүні #бүкіләлемдікқолжуукүні #тазалық #қолжууережесі #қолжууережесінсақтаңыз #SafeHands