ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай алғыс хаттар
Бүгін ауруханада Қазақстанның Тұңғыш Президенті күніне орай салтанатты жиналыс өтті. Іс-шараға «Нұр Отан» партиясы Алмалы аудандық филиалы төрағасының орынбасары Ордабаева Найля Алтынбековна; аурухананың бас дәрігері Джувашев Алмаз Болатович және аурухана ұжымы қатысты.
Өз сөзінде аурухана бас дәрігері Алмаз Джувашев әріптестерін келе жатқан мерекелермен құттықтап, Елбасымыздың медициналық қызметтерге үлкен назарын аударып жатқан саясатының арқасында аурухана қазіргі заманға сай болып табылатынын атап өтті.
«Осыдан 6 жыл бұрын Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасының жаңа ғимаратын ашты. Сол күні ол біздің алдымызға халықты жақсы медициналық қызметпен қамтамасыз ету тапсырмасын қойған еді. Осы уақыт аралығында біздің аурухана көп марапатқа ие болды. Басты мақсат – пациенттердің денсаулығы»,- деді А. Джувашев.
Аурухана қызметкерлері Омаров Б.Б пен Дерич Н.Н. орыс және қазақ тілдерінде «Отанның қалыптасуы» және «Президенттің Қазақстан Республикасының болашағына қосқан үлесі» туралы баяндамаларын оқыды.
Іс-шара барысында жиналған қауымды «Нұр Отан» партиясы Алмалы аудандық филиалы төрағасының орынбасары Ордабаева Найля Алтынбековна құттықтады. Кездесу соңында ол аурухананың 5 қызметкерін алғыс қағазымен марапаттады. Айта кетерлік жайт, «Нұр Отан» партиясының қатарында қазір 300 дәрігер бар.