Сапа үш айлығы шеңберінде және Қарттар күні қарсаңында Алматы қалалық жедел шұғыл жәрдем беру ауруханасында ашық есіктер күні өтті.

Сапа үш айлығы шеңберінде және Қарттар күні қарсаңында Алматы қалалық жедел шұғыл жәрдем беру ауруханасында ашық есіктер күні өтті.
29 қыркүйекте Ашық есіктер күні акциясына 10 адам қатысты. Жыл сайын 1 қазанда атап өтілетін Қарттар күні қарсаңында аурухана басшылығы мүгедектер мен Қазақ соқырлар қоғамы Алматы филиалының қарт пациенттерін және Подранки-Шарасыздар қоғамдық бірлестігінің мүгедектерін тегін қаралуға шақырды.
Акцияға қатысушылар бірқатар қымбат процедуралардан тегін өтті. Мәселен, МРТ, УЗГД, УЗИ сияқты процедуралардан өткен пациенттердің әрқайсы невропатолог, нейрохирург, терапевт, травмотолог сияқты мамандардан жеке консультация алды.
“Денсаулықты дер кезінде тексеріп отыру – өміріңізді ұзартады. Бұл егде адамдар үшін маңызды екені сөзсіз. Біз үшін жыл сайын мұндай әлеуметтік іс-шаралар аясында қарт адамдар мен мүгедектерді қаралуға ауруханаға шақыру дәстүрге айналды. Олардың бәрі кепілдендірілген медициналық көмек көлеміне кірмейтін тегін тексеруден өтеді”,- деп атап өтті бас дәрігер Мұқашев Мағаз Болатұлы.
Халима Воинце 70 жаста.
Зейнеткер күн сайын денсаулық тобына барады. Өзінің денсаулығына мұқият қарайтын Халима бүгін ғана тегін тексеру кезінде өзінде грыжа барын білді. “Менің зейнетақым кішкентай. Дәрігерлердің тексеруінен өту өте қымбат. Біздер үшін мұндай акцияларды өткізу өте маңызды”,- дейді зейнеткер.
Аурухана басшылығының айтуынша, келесі рет мұндай акция бір аптадан кейін Ардагерлер үйінде өткізіледі. Бұл жолы дәрігерлердің өзі пациенттерге керек құалдарымен барады.