ҚЖШККА -да қалқанша безінің ауруы кезінде (жемсаудың барлық түрлерінде) жасалатын ТИРЕОИДТЫ ХИРУРГИЯ оталары қайта жаңғартылды.
Екі айлық біліктілікті арттыру мақсатында 31.05.2017 жылы Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасында, жас маман-хирургтарды оқыту бағдарламасына сай көрнекті ота жасалды.
Науқас С., 1940 ж. (77 жаста) ұзақ уақыттан бері «Сол жақты түйінді жемсау 3 дәрежелі. Эутиреоз» кеселімен науқастанады.
Қосымша аурулары: Жүректің ишемиялық ауруы. Артериалдық гипертензия.
Ота алдындағы дайындықтан кейін радикальді ота жасалды – Сол жақты гемиструмэктомия мойнағымен қоса алып тастау.
Ота сәтті және ешқандай асқынусыз өтті.
Ота жасаған: БЕКІШЕВ Б.М.
Көмекші: КЕМЕЛХАНОВ Н.Т.
Анестезиолог: КАМАЛОВА Г.Т.
Науқасқа тезірек сауығып кетуіне тілектеспіз !!!