Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ «Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы» КМК – кәсіби медициналық көмек көрсетіп, емделушілерге мұқият қарайтын орын. Біздің дәрігерлер ұжымы күн сайын сіздің денсаулығыңызды жақсарту үшін бар күшін салады. Біз тек Алматы қаласы тұрғындарына ғана емес, Қазақстанның басқа өңірі мен шетел азаматтарына да көмек көрсетуге дайынбыз.
Біздің клиникада сіз келесі медициналық қызметтерді ала аласыз:
– Мамандар кеңесі;
– Процедуралар мен манипуляциялар (гинекологиялық, хирургиялық, колопроктологиялық, травматологиялық, урологиялық);
– Күндізгі стационар қызметі;
– Гемодиализ;
– Физиотерапия;
– Зертханалық зерттеулер;
– Диагностика;
– Стационарлық емдеу;
– Хирургиялық оталар (гинекологиялық, хирургиялық, колопроктологиялық, травматологиялық, урологиялық, нейрохирургиялық);
– Check-up бағдарламалары;
– Анестезиология және гипербариялық оксигенация.
Аурухана бөлімшелері заманауи жабдықпен қамтамасыз етілген, ал жоғары білікті мамандар науқастарға барынша жайлы жағдай жасайды. Дәрігерлердің тәжірибесі мен заманауи технологияның арқасында түрлі хирургиялық оталар жоғары деңгейде орындалады. Үйлестірілген ұжымдық жұмыстың нәтижесінде қысқа мерзімде жақсы нәтижеге қол жеткізіліп келеді.
Ауруханада отадан кейін тез әрі жайлы қалпыңызға келу үшін барлық жағдай жасалған. Кәсіби мамандар сауығу жолында сізге қолдау көрсетеді. Кең диагностикалық және зертханалық мүмкіндіктер, сондай-ақ қызметкерлердің бірегей тәжірибесі сізге уақтылы, жоғары технологиялық және сапалы медициналық көмек алуға мүмкіндік береді.
Толық ақпарат алу үшін тіркеу бөліміне +7 708 181 1528 нөмірі арқылы қоңырау шалуға немесе WhatsApp-қа жазуға болады.