Алғыс айту науқаны аясында Жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасының қызметкерлері еліміздегі ең көне театр – Абай атындағы Қазақ ұлттық академиялық опера және балет театрында болып қайтты.
Қазақстанда наурыздың бірі – Алғыс айту күні. Бұл күн депортацияға ұшыраған халық пен саяси қуғын-сүргінге ұшырағандарды еске алу күні. Бұл күнді еліміздің тұңғыш президенті белгіледі.
Театр әртістері жанқиярлық еңбегі үшін алғыс білдіру мақсатында әлеуметтік мамандық иелерін жетекші спектакльдерге шақырады.
Дәрігерлер, мұғалімдер, полицейлер, байланысшылар, әкімдік қызметкерлері «Любовный напиток», «Богема» операларын, «Сильфида» балетін тегін тамашалай алады.
Карантин кезінде алдыңғы шепте талмай қызмет еткен Жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасының дәрігерлері де шақырылғандардың қатарында болды.