8 Наурыз қарсаңында біздің клиникада жұмыс істейтін әйел жаны туралы айта кеткіміз келеді. Штатта олардың саны айтарлықтай көп және жұмыс жүктемесінің жауаптылары да солардың мойнында. Айтпақшы, ауруханада жылдардың бірін де де әйел жаны басшылық еткен. Бүгін санитар жайлы әңгіме қозғағымыз келеді. Тұрсынай Қартбаевна ЖШКК ауруханасында 19 жыл қызмет етіп келеді. Әрі барлық уақытта токсикология бөлімшесінде.
– Мен өз жұмысымды ауыр болғанына қарамастан қатты жақсы көремін. Таңғы 8 де келем, ауысымды қабылдап, ауруларды тамақтандырамын, бар жерді тазалап, пациенттерге күтім жасаймын, міне, осылай келесі таңды атырамын. Содан үйге, жақындарыма барамын. Біздің бөлімше қызметі жасыратын несі бар, ауыр, бірақ мен үйреніп кеттім, ең бастысы адам баласына көмек көрсету. Мен Өзімді бақыттымын деп санаймын- сүйікті жұмысым, ұжымым, отбасымда төрт ұлым мен анам бар. Жақын арада зейнетке шығамын…..
– Сонда, сүйікті жұмысыңызды тастап зейнеткерлікке кетесіщ бе?
– Көре жатармыз, деп жымиды бізге Тұрсынай