Ауруханамыздың мақтанышы – Айнагүл Берік!
Алматы Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасының білікті медбикесі Айнагүл Берікті 2025 жылғы 3-11 мамыр аралығында Үндістанның Дели қаласында өткен XXIII Азия чемпионаты мен XXII Параазиялық чемпионатында қол күресінен жеңіске жетіп, ел намысын абыроймен қорғағаны үшін шын жүректен құттықтаймыз!
Айнагүл Visual Women санатында, 60 кг салмақ дәрежесінде, оң және сол қол бойынша екі бірдей алтын медальді жеңіп алды!
Бұл – оның қажырлы еңбегінің, табандылығы мен ерік-жігерінің, спортқа және өз мамандығына деген шынайы сүйіспеншілігінің жемісі.
Жарыс алаңында Қазақстан Республикасының Әнұраны шырқалған сәтте кеудемізді ерекше мақтаныш кернеді.
Айнагүл, сен – нағыз чемпион ғана емес, баршаға үлгі болатын қайсар жансың!
Сенің бұл жеңісің – тек жеке жетістік емес, бүкіл елдің абыройы! Саған спорттағы және кәсіби жолыңдағы жаңа табыс пен жарқын жеңістер тілейміз!