Алматы Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасының (ҚЖШККА) нейрохирургтары 35 жастағы науқасқа қайталанған жарықты алып тастау отасын жасады.

Алматы Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасының (ҚЖШККА) нейрохирургтары 35 жастағы науқасқа қайталанған жарықты алып тастау отасын жасады.
Бұған дейін 2017 жылы науқасқа омыртқаның L4-L5 деңгейінде жарықты алып тастау отасы жасалған-тын. 3 жылдан кейін науқастың арқасы мен аяғы қайтадан ауыра бастады. Ол ұзақ уақыт дәрігерлерге көрінбей, өзі емделді. ҚЖШККА қабылдау бөліміне науқасты қатты ауырсынумен жедел жәрдем әкелді. Ауырсыну арқадан екі аяққа тарады. Несептің іркілуі орын алды.
Қабылдау бөлімінде жасалған тексеру барысында суреттерде омыртқаның L4-L5 деңгейінде омыртқа арнасын толық жапқан бірнеше жылдан кейін қайта орын алған үлкен секвестрленген жарық байқалды.
ҚЖШККА нейрохирургия бөлімінің меңгерушісі Константин Ли мен дәрігер резидент Дархан Жетпісбаев науқасқа жарықты хирургиялық алып тастау отасын жасады. Отаның күрделілігі жарық секвестері қатты ми қабығын ойып, оның ішіне кіріп кеткенінде болды. Жарықтың бұлай интрадуллярлық орналасуы өте сирек кездеседі.
Нейрохирургтер секвестрдің интрадуллярлық бөлігін алып тастап, қатты ми қабығын тігіп, тығыздаған соң, микродискэктомия, кейдж және транспедикулярлы құрылыспен интеркорпоральды спондилодезді жүзеге асырды.
Қазіргі уақытта науқас бөлімшеде, белсенді, еш ауырсыну сезімі жоқ. Несеп шығару бұзылыстары реттелді. Науқас оңалтудың бастапқы кезеңінде.
Мұндай асқынулар орын алмас үшін дер кезінде дәрігерге көрінген жөн. Ауырмаңыздар!