Аурухана қызметкерлерімен таныс болыңыз айдарында – Айтмағамбет Баян Алтайқызы, ҚЖШККА терапевті.
Көбінесе дәрігерлердің балалары ата-анасының жолын қуады. Баян Айтмағанбеттің жағдайы да солай.
– Менің әкем – терапевт, анам – акушер, – дейді ол. – Мен де осы жолды таңдадым. Және өз таңдауыма өкінген емеспін. Бакалавриаттан кейін хирургиялық профиль маған келмейтінін түсініп, терапияны таңдадым. Еңбек жолымды жедел жәрдем станциясында фельдшер болып бастадым. 2019 жылы ҚЖШККА ішкі аурулар кафедрасының базасына түстім. 2020 жылы резидент ретінде терапия бөліміне кезекші дәрігер болып жұмысқа орналастым.
Уақыт өте Баян Алтайқызы ординатор дәрігер атанды. Ал 2021 жылы жұқпалы аурулар бөлімінде жұмыс істеді.
– Көпсалалы ауруханада жұмыс істеп жатқаныма өте қуаныштымын. Өйткені, бұл қызықты клиникалық жағдайлардың үлкен легінде шеберлікті шыңдауға және орасан зор тәжірибе алуға, бас дәрігерлердің орынбасарлары, бөлімше меңгерушілері және біртұтас жұмыс істейтін барлық әріптестер ұсынатын үздік мамандардан, тәлімгерлерден үйренуге мүмкіндік береді,- дейді терапевт.
– Жасыратыны жоқ, созылмалы ағымы бар бірқатар аурулар көктем мен күз айларында асқынуға бейім. Көбінесе бұл жүрек-тамыр жүйесі аурулары, асқазан-ішек жолдары, аллергияның барлық түрлері, тыныс алу және несеп-жыныс жүйесінің созылмалы аурулары, психикалық бұзылулар, тері аурулары, сондай-ақ тірек-қимыл аппаратымен байланысты аурулар.
Мұндай аурулар иммунитеттің төмендеуіне, жүйке жүйесінің сарқылуына, атмосфералық қысымның және ауа температурасының өзгеруіне байланысты тамырлар тонусының жүйке реттелуінің бұзылуына байланысты пайда болады. Ең жиі кездесетін көктемгі аурулардың белгілері көбінесе қысымның ауытқуымен, бас ауруының жиілігінің жоғарылауымен, жүректегі ауырсынумен, бас айналумен, ұйқышылдықпен және жалпы әлсіздікпен байланысты. Асқазанда ауырсыну мен ауырлық пайда болады, тамақ ішкеннен кейін жүрек айнуы мүмкін. Кейде тұншығу ұстамалары болады. Симптомдарға сонымен қатар жиі зәр шығару, тітіркену, тері бөртпелері де жатады.
– Мұндай аурулар кезінде дәрігерге көріне керек. Бас ауруы түрлі аурулардың белгісі болуы мүмкін. Өзін-өзі емдеумен айналымуға болмайды. Жұмыс және демалыс режимін сақтау, диетаға назар аудару, гипотермиядан аулақ болу, үй-жайларды жиі желдетіп тұру және қарапайым дене жаттығуларын орындау қажет.
– Біз жүрек ишемиялық ауруы, артериялық гипертензия, созылмалы жүрек жеткіліксіздігі, тыныс алу органдарының аурулары, анемиямен ауыратын науқастарды емдейміз. Сондай-ақ асқазан-ішек жолдары мен зәр шығару жүйесінің созылмалы аурулары бар науқастарды емдейміз. Түрлі жағдайда диагностика жүргізіп, диагнозды тексереміз, – дейді Баян Алтайқызы.
Терапевт дәрігердің кеңесіне Баян Алтайқызына +7 778 851 48 99 телефоны арқылы хабарласуыңызға болады.