Мереке қарсаңында Алматы Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы басшылығының өкілдері ауруханада көп жыл бойы істеген эпидемиолог-дәрігер Антонова Людмила Владимировна, урология бөлімшесінің аға медбикесі Жылкайдарова Вера Селеновна және бас медбике Митрякова Галина Ивановна сияқты аурухана ардагерлерінің үйіне барып, мерекемен құттықтап, оларға денсаулық сақтау саласына сіңірген еңбегі үшін алғыс білдіріп, сыйлықтар тарту етті.
Сондай-ақ, мереке күндері ауруханада жатқан ҰОС жылдары еңбек қорына қатысқан ардагерлер мен ҰОС балаларына да ерекше көңіл бөлінді. Осы айтулы күндері аурухана қызметкерлері оларға мерекелік атмосфера жасау үшін аянбай еңбек етті. Ардагерлерді құттықтап, ерлігі үшін алғыс білдіріп, сыйлықтар тарту етілді.
Бұл кездесулер аға ұрпаққа деген құрмет пен олардың бейбіт өмірге қосқан үлесін мойындаудың символына айналды. Осындай ілтипат пен қамқорлық ардагерлерді тебірентіп, олар үшін ерекше мерекелік сыйлық болды.