Қазақстан Республикасы күні қарсаңында Алматы Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы қызметкерлерінің тамаша жетістігін атап өтуге қуаныштымыз!

Қазақстан Республикасы күні қарсаңында Алматы Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы қызметкерлерінің тамаша жетістігін атап өтуге қуаныштымыз!
Ауруханамыздың бес қызметкері денсаулық сақтау саласына қосқан баға жетпес үлесі үшін марапатталғанын мақтанышпен хабарлаймыз:
Директордың эпидемияға қарсы жұмыс жөніндегі орынбасары Тілегенова Сәуле Жақсылыққызы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталды.
Көпбейінді ақылы бөлімінің медбикесі Гуламова Гүлбахрям Әшімжанқызы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Құрмет грамотасына ие болды.
Инфекциялық бақылау медбикесі Салтанат Жалдыбаевна Байманапова Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Алғыс хатымен марапатталды.
Алмалы ауданы әкімінің Алғыс хаты сарапшы дәрігерлер Есеналина Мөлдір Бекболатқызы мен Усманова Алтынай Әбдіжаппарқызына табыс етілді.
Марапат құтты болсын!
Сіздердің қызметіңізге деген адалдығыңыз бізді жаңа жетістіктерге шабыттандырады.
Халқымыздың денсаулығы мен әл-ауқатына қосқан үлесіңіз үшін мың алғыс!