Қазіргі уақытта «кәсіби шаршау» көптеген мамандықтардың өкілдері арасында кең етек жая бастаған. Медицина қызметкерлері арасында да бұл кең тараған «эпидемия». Аталған «індет» туралы Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасының психологы Гүлнар Дощанова бұл күрделі мәселе деп баса айтады.
Кәсіби шаршаудың 3 түрі бар. Біріншісі – шексіз шаршау. Физикалық түрде – қысыммен, бас ауруымен, бүкіл денедегі ауырсынумен, ұйқысыздықпен орын алуы мүмкін. Екінші түрі – эмоционалды. Мұнда ашуланшақтық, сезімталдық, ерекше эмоционалдық реакциялар болады. Деперсонализация, қарапайым сөзбен айтқанда, цинизм орын алады. Үшіншісі – өз жетістіктерінің құнсыздануы, өзіне көңілі толмауы. Содан кейін депрессия және суицидтік ойлар орын алады.
• Эмоционалық шаршау. Адам жұмыс кезінде шаршайды, жексенбі күні кешке оның көңіл-күйі түседі.
• Адам агрессивті, бұған дейін отбасымен қақтығыс аптасына бір рет орын алса, енді жақындармымен күніне екі рет ұрысады.
• Ұйқының бұзылуы.
• Күндізгі ұйқышылдық.
• Өмірге және кәсіби келешекке теріс көзқарас, барлық күш-жігердің бекер екеніне сену.
• Алшақтау, жалғыздық сезімі, мотивацияның жоғалуы.
Не істеу керек?
Жұмыстың пайдасын өзіңіз көруіңіз керек: нәтиже сізге ұнауы керек. Мақсатыңыз тек несиені өтеу болса, ерте ме, кеш пе кәсіби шаршайсыз.
Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз:
Мен жұмысқа не үшін барамын?
Мен өз жұмысымда қандай мағынаны көремін?
Маған менің жұмысым ұнайды ма?
Мен күнделікті не істегенді ұнатамын?
Жақсы орындалған жұмыстан кейін қуаныш сезінемін бе?
Демалыс күндері қалпына келтіруге көмектесетін хобби мен құмарлықтарыңызды табыңыз. Шығармашылық эмоционалды күйді сақтауға ғана емес, сонымен қатар мәдениетпен байланыста болуға, көрме, театр, киноға баруды әдетке айналдырыңыз. Өзіңізді жақсырақ түсіну үшін эмоциялар күнделігін жүргізіңіз. Жеке уақытыңызды жұмыстан бөліңіз. Әлеуметтік желі мен гаджетсіз өзіңізбен өзіңіз уақыт өткізіңіз және жұмыс туралы ойламаңыз. Демалысыңызды алдын-ала жоспарлаңыз және ұйымдастырыңыз. Ай сайын жаңа бір нәрсені сынап көруді ережеге айналдырыңыз: би, түрлі шеберлік сабақтарына қатысып көріңіз және т.б.
Егер Сізге ештеңе көмектеспесе, маманға жүгінуден ұялмаңыз. Сіздің өміріңіздегі ең маңызды адам – ӨЗІҢІЗ екенін есте сақтаңыз.