Алматы Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасында «Кардиоэмболия. Сенімді емдеу жолдары» атты оқыту шеберлік сабағы өтті.

Алматы Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасында «Кардиоэмболия. Сенімді емдеу жолдары» атты оқыту шеберлік сабағы өтті.
2025 жылғы мамырдың 22-сінде аурухана базасында Республикалық «Инсульт мектебі» жобасы аясында мамандарға арналған тәжірибелік оқыту ұйымдастырылды.
Іс-шараны Инсульт мәселелері жөніндегі Республикалық үйлестіру орталығы мен АИГФ компаниясы бірлесіп өткізді.
Оқытуға Алматы қаласы штаттан тыс бас инсультологы Дюсембаева Жанна Булатовна мен ҚЖШККА нейроинсульт орталығының меңгерушісі Аяғанова Лаззат Базарбековнаның жетекшілігімен аурухананың неврология, терапия бөлімшелерінің және нейроинсульт орталығының мамандары белсене қатысты.
Шеберлік сабағы аясында келесі мазмұнды баяндамалар ұсынылды:
– Кудайбергенова Айгуль Сериковна дәрігер-невролог, медицина ғылымдарының кандидаты, Қазақстан-Ресей медицина университетінің кейінгі білім беру институты «Неврология және нейрореабилитация» атты білім беру курсының жетекшісі. Баяндама тақырыбы: «Жүрекшелердің фибрилляциясынан туындайтын ауыр ми асқынулары».
Абенова Алия Тураровна – жоғары санатты дәрігер-кардиолог, медицина ғылымдарының кандидаты. Тақырыбы: «Жүрек пен ми. Жүрекшелер фибрилляциясына мультидисциплинарлық көзқарас».
Тәжірибелік бөлімде қатысушылар клиникалық жағдайларды талдап, келесі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты:
– Алматыдағы ЖФ пен инсульт эпидемиологиясы;
– пациенттерді емдеудегі командалық тәсілдің маңызы;
– антикоагулянттық емнің ерекшеліктері;
– диагностикалау мен жүргізудің жаңартылған жергілікті хаттамалары.
Кәсіби даму жолында белсенділік танытқан әріптестерімізге алғыс білдіреміз!