Алматы Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасында терапия бөлімшесінің меңгерушісі Мұхамбетова Райхан Өтепқызының ұйымдастыруымен семинар өтті.
Семинарда жедел коронарлық синдром (ЖКС) кезінде көмек көрсету және жүрек-өкпе реанимациясын (ЖӨР) жүргізудегі іс-әрекеттің негізгі алгоритмдері талқыланды.
Аурухана қызметкерлері диагностика және шұғыл көмек көрсету аспектілерін талқылап, өмірді сақтап қалуға болатын практикалық дағдыларды жаттықтырды.
Райхан Өтепқызы өз тәжірибесі мен білімін бөлісті. Бұл біздің қызметкерлерге медициналық көмектің сапасын арттыруға және қиын жағдайда жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.
Семинар барысында медицина қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттырудың құрамдас бөлігі болып табылатын клиникалық сценарий, практикалық жағдай және ағымдағы ұсыныстарды талқыланды.
Біз әрбір қызметкердің ең қиын деген сынаққа дайын болуын және жоғары деңгейде көмек көрсете алуын қамтамасыз етуге тырысамыз.
Мамандарды дайындау және олардың біліктілігін арттыру – пациенттерге сапалы және жедел медициналық көмек көрсетудің кепілі.
Райхан Өтепқызына кәсіби шеберлігі мен білімін бөлісуге деген құлшынысы үшін алғыс білдіреміз.