Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасына Eurasia Power Group компаниясы ұйымдастыруымен Страсбург университеттік ауруханалар делегациясы келіп кетті.
Делегация құрамында: Страсбург университеттік ауруханаларының бас директоры Гали Мишель мырза, Бас хатшы Андрес Жюльетт ханым, CETD ЛОР бөлімшесінің меңгерушісі проф. Debry, халықаралық байланыс бойынша қызметкерлер Маринео Анн ханым және Киеффер Селин ханым болды.
Сондай-ақ, танысу сапарына Францияның Қазақстандағы Елшілігінің атынан Ынтымақтастық жөніндегі атташе Александра Тиркюир-Менс және FSPI Santé Kazakhstan-Ouzbékistan координаторы Адель Абенова қатысты.