Алматы Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасында өткен кезекті семинарды дәрігер-инфекционист, Қазақстан Республикасының жетекші маманы Утаганова Тамара Кустаевна өткізді.
Семинар барысында тырысқақ, сібір жарасы сияқты аса қауіпті жұқпалы ауруларға қатысты маңызды мәселелер көтерілді. Семинарға қатысушылар көпбейінді ауруханадағы науқастарды басқару алгоритмін, сондай-ақ осы ауруларды диагностикалаудың заманауи тәсілдерін талқылады.
Мұндай іс-шаралар медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға және тәжірибе алмасуға ықпал етеді, бұл өз кезегінде медициналық көмектің сапасын арттырып, пациенттердің қауіпсіздігін арттыруға септігін тигізеді.
Тамара Кустаевнаға уақыт бөліп келгені және кәсібилігі үшін алғыс білідіреміз!
Бұл шара медицина қызметкерлері үшін жұқпалы аурулар саласында тәжірибе алмасуға және біліктілігін арттыруға тамаша мүмкіндік болды.