Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасында 2022 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша аудандық емханалармен халыққа медициналық көмек көрсету бойынша бірлескен жұмыстың қорытындысы шығарылды.
Бүгін ҚЖШККА мәжіліс залында Алматы қаласы Алмалы және Алатау аудандары емханаларының өкілдерімен кездесу өтті.
ҚЖШККА басмасымен өткізілген кездесуге денсаулық сақтау мекемелерінің басшылары мен бөлімше меңгерушілері қатысып, өзара іс-қимыл барысында туындайтын өзекті мәселелер талқыланды.
Күн тәртібінде бірнеше мәселе қаралды: 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында өліммен аяқталған жағдайларды талдау және МСАК пен стационардың өзара іс-қимылы барысында туындайтын өзге де проблемалық мәселелерді талдау.
Талқылау барысында тараптар проблемаларды шешу жолдарын белгіледі, оның біріншісі – денсаулық сақтау мекемелерінің жұмысы мен өзара іс-қимылын реттейтін бұйрықтарды мүлтіксіз орындау.
Кездесу соңында қатысушылар халық денсаулығы үшін ортақ маңызды салада одан әрі жемісті бірлескен жұмысқа үміт білдірді.