ҚЖШККА дәрігерлері ми қан айналымы бұзылған 70 жасар әйелді аман алып қалды
Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасының қабылдау бөлішесіне басы айналып, тұла бойын әлсіздік басқан егде әйелді жедел жәрдем бригадасы әкелген.
Функционалды диагностика бөлімінің меңгерушісі Аденова Гүлжан Молдабекқызы бас тамырларына бразоцефальды дуплексті зерттеу жүргізіп, оң жақ ішкі ұйқы артериясының 90% стенозын анықтаған. Селективті церебральды ангиографияда бұл диагноз, яғни критикалық стеноз расталды.
«Ұйқы артерияларының стенозы – миды қанмен қамтамасыз ететін тамырлардың тарылуы. Бұл патологияның қаупі оның белгілерінің ұзақ уақыт бойы байқалмауында. Дегенмен, бұл инсульт сияқты ауыр асқынудың себебі болуы әбден мүмкін», – дейді нейроинсульт бөлімінің меңгерушісі Аяғанова Ләззат Базарбекқызы.
Қауіптенудің алғашқы белгілерінің бірі – сезімталдық пен қозғалыс белсенділігінің төмендеуі, сондай-ақ көру қабілетінің бұзылуы. Пациенттер әдетте аяқтың, беттің ұюы, көру өрістерінің жоғалуына шағымданады. Қолдың немесе білектің бұлшықет күшінің төмендеуі де орын алуы мүмкін. Науқас көз алдында қара дақтарды көреді, сондай-ақ көру қабілетінің төмендеуін сезінеді. Кейде сөйлеу, есту, жұту қиындықтары, бет асимметриясы, қатты ауырсыну да туындайды. Неғұрлым жиі кездесетін белгілер – бас айналу, өзін нашар сезіну және әлсіздік.
Негізі хирургиялық ота жасау үшін артериялық стеноз 70%-дан асу керек. Ал пациентте ол 90% болғандықтан, құрамында нейрохирургтер – Жуков Е.С., Аргумбаев М.Б. және оталық медбике Аюпова Е. бар оталық бригада науқасқа жедел түрде жергілікті анестезиямен жоғары технологиялық ота – ішкі ұйқы артериясына рентгенэндоваскулярлы стенттеу жасауға кірісті.
Ота сәтті өтті, науқастың жағдайы қанағаттанарлық.
Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында жедел және жоспарлы түрде ми тамырларына ашық және эндоваскулярлық оталардың барлық түрі жасалады.
Барлық сұрақтар бойынша ҚЖШККА нейрохирургия бөлімшесінің меңгерушісі Ли Константин Юрьевичке мына телефон арқылы хабарласа аласыз: +7 707 459 40 18.