Алматы Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасына (ҚЖШККА) 33 жастағы науқас мидың оң жақ желке бөлігінің артериовенозды мальформациясы диагнозымен түсті.
Бұл артерия мен тамырлар капиллярларды айналып өтіп, тікелей қосылатын сирек тамыр ауруы. Мұндай байланыс тамырлардағы қан қысымының жоғарылауына, ал ол өз кезегінде тамырдың жарылуына әкеліп, кейінгі инсульт қаупін арттырады.
Науқас бұған дейін сол көзінің тұрақты жыпылықтауына, бас ауруына мен айналуына шағымданған. Ми МРТ-сында оған артериовенозды мальформация диагнозы қойылған. Науқас одан әрі не істеу керек екенін анықтау үшін ҚЖШККА нейрохирург мамандарының кеңесіне жүгінді.
ҚЖШККА-да науқастың жағдайы бағаланып, рентген-эндоваскулярлық эмболизация жасау ұйғарылды. Бұл процедура қалыпты емес тамырлардағы қан ағымын блоктайтын катетер арқылы арнайы материалды енгізуді қамтиды, осылайша мальформацияның жарылу қаупі азаяды.
Құрамында бөлімше меңгерушісі Константин Ли, нейрохирург Максим Аргумбаев, анестезиолог Ринат Қасенов және оталық медбике Эльмира Аюпова бар оталық топ екі сағатқа созылған отаны сәтті жасады.
Ота нәтижесінде ми қан айналымы жақсарып, қан кету қаупі азайды.
ҚЖШККА нейрохирургы Максим Аргумбаевтың айтуынша, артериовенозды мальформация миға қан құйылу сияқты ауыр зардапқа әкелуі мүмкін. «Мальформацияның жарылуынан туындаған инсульт көбіне өлімге немесе ауыр мүгедектікке әкеледі», – дейді нейрохирург.
4