Халықаралық медбикелер күніне орай Алматы Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасында 26 қызметкер марапатталды.
Атап айтқанда, кәсіподақ грамотасымен 5 медбике марапатталса, аурухана директорының атынан грамотамен тағы 20 қызметкер марапатталды.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің “Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін” төсбелгісімен хирургия бөлімшесінің аға медбикесі Түсіпбекова Ғалия Аманқызы марапатталды!
Құтты болсын!