Құрметті әріптестер, достар!

Құрметті әріптестер, достар!
Бүгін, Республика күні қарсаңында, ерекше қуанышты хабарымыз бар!
Алматы Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасының директоры Алмаз Джувашев Қазақстан Республикасының «Құрмет» орденімен марапатталды.
Президент қаулысы бойынша тағайындалған марапатты салтанатты рәсімде Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Альназарова табыстап, аурухана директорының еңбегін жоғары бағалады.
Біз директорымыздың жетістігін шын жүректен мақтан етеміз және оның кәсіби жетістіктері бүкіл ұжымға шабыт беретінін атап өткіміз келеді.
Алмаз Болатович, құттықтаймыз!