«Таза Қазақстан»

Бүгін Алматы Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасының ұжымы «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық науқанына орай мекеме аумағын және оған іргелес жатқан аумақты тазалап, абаттандыру жұмыстарын жүргізді.
Науқанның мақсаты – қаламыздың тазалығын сақтау мен экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
Баршаңызды қоршаған ортаға жанашырлықпен қарап, тазалықты бірге сақтауға шақырамыз!