Интракраниальды артерия стенозы – атеросклероздың салдарынан артерия қабырғаларының патологиялық тарылуы, бұл миға қан ағымының төмендеуіне әкелуі мүмкін. Ал миға қан ағымының төмендеуі ми ишемиясы мен инсультке әкеледі.
Өкінішке қарай, бұл патология ұзақ уақыт еш белгісіз өтуі мүмкін.
Стеноз деңгейі 50% және одан жоғары симптоматикалық науқастар үшін, сондай-ақ 60% және одан жоғары стеноз деңгейі бар симптомсыз науқастар үшін хирургиялық емдеу ұсынылады.
Заманауи емдеу әдістерінің ішінде стенттеу ерекше орын алады. Стенттеу – тамырды қалыпты күйде сақтайтын және оның тарылуына жол бермейтін жақтауды орнату. Стенттеу ауруханада ұзақ жатуды қажет етпейді (әдетте 1-3 күн). Науқас әдетте бір-екі апта ішінде қалыпты өмірге оралады.
Асқынудың алдын алу маңызды рөл атқарады – пациент диетаны ұстануы, жаман әдеттерден бас тартуы, демалысын, жұмысын және ұйқы режимін қалыпқа келтіруі керек. Стресс пен алаңдаушылықты болдырмауға тырысқан жөн. Көп нәрсе науқастың өзіне байланысты.
Алматы Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы (ҚЖШККА) жағдайында ми тамырларына эндовазальды отаның барлық спектрі орындалады.
Суретте көрсетілген отаны ҚЖШККА нейрохирургтері жасаған.