Бүгін сағат 10.00-де Алматы Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасында «ГБСНП» бастауыш партия ұйымының отырысы өтті.
Күн тәртібінде бірінші болып «AMANAT» партиясының Алмалы аудандық филиалының кезектен тыс XXIX конференциясына делегатты сайлау мәселесі тұрды.
Аурухана бас дәрігері Алмаз Джувашев аталған конференцияға делегат ретінде бас дәрігердің ұйымдастырушылық-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары Бағдат Әлімбетовты ұсынды.
Жиынға қатысушылар бас дәрігердің ұсынысын қолдап, бірауыздан аудандық конференцияға делегат ретінде Бағдат Әлімбетовқа дауыс берді.
Жиналыс барысында БПҰ мүшелері «AMANAT» партиясының саяси тұғырнамасының жобасын талқылап, партияның саяси ұстанымы, мақсаты мен міндетін де сөз етті.
Отырысқа қатысқандар бірауыздан «AMANAT» партиясының тұғырнамасын қолдады.
Бас дәрігердің ұйымдастырушылық-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары Бағдат Әлімбетов өз сөзінде: «Денсаулық – зор байлық. Сондықтан медициналық қызмет көрсету сапасы еліміздің даму деңгейінің маңызды көрсеткіші болып табылады. Біз Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жүйелі реформаларына қолдау көрсете отырып, халыққа медициналық көмек көрсету сапасын арттыру бойынша жұмысты жалғастырамыз», – деп атап өтті.