Бүгін сағат 10:00-де Алматыда кезекті жалпықалалық сейсмикалық жаттығу өтті
Сейсмикалық жаттығудың негізгі мақсаты – қала тұрғындарының төтенше жағдайда іс-әрекетке дайындық деңгейін арттыру. Осылайша тұрғындар эвакуация маршрутын, қауіпсіз орынды алдын ала анықтап, дабыл шабадандарын дайындайды. Электр желісі мен ғимараттан алыс ашық алаң қауіпсіз орын болып саналады.
Сейсмикалық жаттығуға Алматы Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасының 500-ге жуық қызметкері мен емделушісі қатысты. Эвакуация жүргізуге жауаптылар ТЖ кезінде мінез-құлық және іс-қимыл ережелері бойынша нұсқама жүргізді.
Еске салсақ, Алматы 9-10 балдық сейсмикалық аймақта орналасқан. Қалада жыл сайын 200-ге дейін әлсіз, сезілмейтін жер сілкінісі болады. Бұл ретте 2-ден 4 балға дейінгі жер сілкінісі Алматы үшін фондық режим болып саналады